Бүгінде тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу ісі жолға қойылып келеді. Қызылорда облысы қалдықтарды кәдеге жарату жұмысында 3 бағытта жұмыс жүргізеді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Жұлдызай Айтжанова мәлімдеді.
Аймақта тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеудің үлесі өткен жылдармен салыстырғанда жоғары. Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату үлесі 7,58%. Өткен жылы көрсеткіш 3,19%-ы құраған. Қалдықтарды жинау және тасылмадау қызметінде де өзгеріс бар. 6 айдың қорытындысына сәйкес, өңір тұрғындарының 60,87%-ы тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау қызметімен қамтамасыз етілген.
- Қалдықтарды сұрыптау арқылы оны полигонға жеткізу маңызды. Бүгінде экологиялық және санитариялық талаптарға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының үлесін 3,45% жеткізу жоспарланып отыр,-дейді Жұлдызай Айтжанова.
Айта кетейік, аумағы 20 гектарды құрайтын, жылына 60 мың тонна қатты қалдықтарды сұрайтын жаңа полигон пайдалануға берілмек. Белкөл кентінде орналасқан полигон мемлекеттік жеке-меншік әріптестік аясында іске асырылады.