Жалағаш ауданы әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың қатысуымен бүгін «Білім және ғылым» тақырыбындағы аудандық білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясының пленарлық мәжілісі өтті.
Ең алдымен мәжіліске қатысушы қонақтарға білім саласында цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жаңадан шыққан оқулықтар, көркем әдебиеттер, дидактикалық материалдар таныстырылды.
Таныстырылым аяқталғаннан кейін аудан білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясының ашылуы өтіп, оны аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы жүргізіп отырды. Тамыз конференциясында ауданымыздың білім беру саласы бойынша атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттері туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Құрманбаева Гүлзат, облыстық «Дарын» орталығының директоры Қарлығаш Ақышова, Инновациялық зияткерлік технологиялар академиясы директоры Нұралы Құдайбергенұлы, педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда қаласындағы филиал директоры София Камалова, Қызылорда облыстық ақпараттық технологиялар орталығының директоры С
әбит Ибадуллаұлы баяндама жасады.
Сонымен қатар, конференция барысында, ата-ана Ғалымжан Пірманов, №123 мектеп-лицей мұғалімі, жас ұстаз Ермұрат Каналхан хабарлама жасады.
Шара соңында аудандық тамыз конференциясының ұсынымдары қабылданып, тамыз конференциясын аудан басшысы Қайратбек Әубәкірұлы қорытындылады.
- Кез келген мамандық, кез келген лауазым иесі ұстаздан білім, тәрбие алады.Біз сағат сайын жаңғырып, күн сайын таң қалдырған жаңа заманда өмір сүрудеміз.Мұндай жағдайда білім беруді болашақтың даму тенденцияларына бағыттау, жаңа экономика талаптарына лайықтау міндеті - бәрінен басым түсетін, баршаға ортақ аса маңызды миссияға айналмақ. Шындығына келгенде, біз балаларды қазіргі экономика үшін
емес, келбеті енді ғана айқындалып келе жатқан мүлде жаңа, қатаң бәсекеге негізделген, жасампаз экономикалық ортадағы өмірге әзірлеуіміз керек. Сондықтан, уақыттан да оза жүруге жұмыс істеу қажет. Өткен оқу жылында Сіздердің белсенді қатысуларыңызбен ауданның білім беру саласында біршама нәтижелі жұмыстар атқарылды.Алдағы жаңа оқу жылында да ауқымды жұмыстар күтіп тұр,- деді аудан басшысы өз сөзінде.
Кеңес соңында ауданымыздың білім саласына өз үлестерін қосып жүрген бірқатар азаматтар Білім және ғылым министрлігінің, облыс әкімінің «Құрмет грамотасы», «Алғыс хаттарымен» марапатталды.