«Бақытты отбасы» бағдарламасымен баспаналы болды

  Қала тұрғыны Гүлнұр Беркінбаева «Бақытты отбасы» бағдарламасымен баспанаға алғаш болып қол жеткізді. Арманына жеткен көпбалалы ананың қуанышында шек жоқ.

Бүгінде Гүлнұр «Dalatex» тігін фабрикасында тігінші болып жұмыс істейді. Бүгінгі күнге дейін пәтерден-пәтерге көшкен ана 2018 жылдан бастап Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен депозит ашып, тиын-тебен жинай бастады. Аядай болса да өз шаңырағының болғанын армандаған ол «Бақытты отбасы» бағдарламасы туралы естігенде баспаналы болсам деген үміт оты лаулай түсті. Көпбалалы ана ретінде үй кезегінде, банк шотында жинағаны бар Гүлнұр бағдарламаға қатысуға талаптанды. Бүгін міне, 4 бөлмелі баспанаға ие болды.

– Көпбалалы ана ретінде тұрғын үй кезегіндемін. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен шот ашып, ақша жинай бастаған едім. «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысып, 9 млн теңгеге 4 бөлмелі пәтер алдым. Ай сайын 47 мың теңгеден несие төлеймін. Мен үшін ыңғайлы. Ең бастысы, өз баспанамыз бар. Әсіресе, балалардың қуанышында шек жоқ, – дейді Г.Беркінбаева. 

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 тамыз 2019 г. 331 0