« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |
биыл облыс бойынша жалпы саны 173 нысан пайдалануға берілмек
Биыл Астана қаласына он алты жыл толып отыр. Былай қарағанда бұл анау айтты көп уақыт емес. Соған қарамастан, осы аз ғана мерзім ішінде еліміздің Астанасы адам танымастай деңгейге көтерілді. Соның ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Шығыс пен Еуропаның сәулет өнеріне бейімделіп салынған жас қаланың бүгінгі кескін-келбеті кімді болса да тамсандырмай қоймайды.
Жыл өткен сайын көркіне көрік қосып келе жатқан шырайлы шаһарда бүгінде салынған және салынып жатқан құрылыс нысандары көпке үлгі болып отыр. Сондықтан да болар еліміздің қай өңірі болмасын қазір Астанаға қарап бой түзеп келеді. Арқа төріндегі Астанаға сондай еліктеу Сырда да бар.
Шындығында, соңғы жылдары Қызылорданың құрылыс саласындағы жұмыстары жоғары қарқынмен жүргізіліп келеді. Әріге барып қайтеміз, осы бір жыл шамасында қаладағы бір Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойынан әсем де сәулетті облыстық мекемелер үйі мен Т.Жүргенов атындағы шығармашылық үйі, Назарбаев атындағы зияткерлік мектебі мен қазақ-түрік лицейі, 1200 орынға арналған дарынды балалар мектебі салынып, пайдалануға берілді. Бұл көшеде әлі де салынып жатқан нысандар жетерлік. Ал олардың барлығы толықтай пайдалануға берілгенде тек қана осы бір көшенің кескін- келбеті қазіргісінен де құлпырып шыға келетінін айғақтай түсетіндей.
Жалпы, облыстық құрылыс басқармасының мәліметіне сүйенсек, соңғы жылдары аймағымызда құрылыс жұмыстарының қарқынды жүргізіліп келе жатқандығы байқалады. Соның бір көрінісі болса керек, өткен жылы облыс орталығы мен елді мекендерде салынатын нысандардың жобаларын әзірлеу мен құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 27,1 млрд. теңге толықтай игерілді. Соның нәтижесінде облыста тұрғын үйді қосқанда 152 нысан пайдалануға берілді. Сондай-ақ, осы қаржы есебінен 66 нысанның жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, олардың мемлекеттік сараптамадан қорытындысы да алынды.
Биылғы жылы да облыста құрылыс саласындағы жұмыс жалғасын табуда. Бір ерекшелігі, биыл бұл саладағы қаржы өткен жылғымен салыстырғанда 1,6 млрд. теңгеге артық игеріледі деп күтілуде. Соның ішінде биыл облыста 30 мектеп, 9 балабақша, 21 денсаулық сақтау орны мен 5 спорт, 11 мәдениет пен жатақхана, мұрағат, халыққа қызмет көрсету орталығы және бір әлеуметтік нысан салынады. Сөйтіп облыс бойынша тұрғын үйді қоса есептегенде 173 нысан пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ал бұл дегеніңіз, биылғы жылы салынып, пайдалануға берілетін құрылыс нысандарының былтырғы жылмен салыстырғанда 19-ға артық екенін көрсетеді.
Негізі халықтың тұрмыстық ахуалының жақсы болуы ол тұрғын үй жайлылығына байланысты екені белгілі. Бұл тұрғыдан алғанда облыста түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында тұрғын үйлер көптеп салынуда. Қарапайым халық үшін сондай тиімді бағдарламалардың бірі "Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасының алар орны ерекше. Биылғы жылы осы бағдарламаны іске асыруға республикалық және облыстық бюджеттен 7,5 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 1,8 млрд. теңгеге артық. Жалпы өткен жылы облыста 556 пәтерді құрайтын 93 тұрғын үй пайдалануға берілген болатын. Енді биылғы жылдың соңына дейін 837 пәтерді құрайтын 102 тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бір атап өтерлігі сол, биыл "Қолжетімді тұрғын үй-2020” бағдарламасы аясында "Қазақстан тұрғын үй құрылыс корпорациясы” акционерлік қоғамы Қызылорда қаласынан 230 пәтерді құрайтын төрт үйдің, сондай-ақ, "Самұрық-Қазына” жылжымайтын мүлік қоры” акционерлік қоғамы 210 пәтерді құрайтын алты үйдің құрылысын бастайды. Сөйтіп, амандық болса, бұл үйлер келер жылы өз қоныстанушыларына есігін айқара ашатын болады.
Қысқарта айтқанда, өткен жылы құрылыс саласында жүргізілген жұмыстар қорытындысы бойынша біздің облыс республикада ең үздіктер қатарынан көрінді. Биылғы жылы да бұл бағыттағы жұмыс жалғасын тауып, құрылыстағы қарқын еселене түсуде. Яғни, осының өзі-ақ биыл да ондаған нысандар іске қосылып, ол көпшіліктің қуанышына айналатынын көрсететіндей.
Айғали ҚАРАБАЛАЕВ.
« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |