Алимент өндіру мәселесі бойынша үшжақты меморандум қабылданды

Облыс әкімдігінде ҚР Әділет Министрлігі, Қызылорда облысының әкімдігі мен жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы арасында алимент өндіру және проблемалық алименттерді азайту туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов аталмыш меморандумның халықтың әл-ауқатын арттырудағы маңыздылығын атап өтті.

«Статистикалық ақпаратқа қарасақ, бүгінгі күні Қызылорда облысының жеке сот орындаушыларының орындауында алимент өндіру санаты бойынша 7 мың 474 өндіріс бар. Оның 733-і орындалуы қиындық туғызатын алименттер қатарында. Тәжірибе көрсеткендей, балаларды тәрбиелеу мен қамтамасыз ету бойынша негізгі әлеуметтік жүктеме көбіне әйел-аналардың мойнына түсетінін білеміз. Сондықтан бүгін біз осы мәселені шешу бойынша үшжақты келісімге қол қойдық», - деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.

Меморандум аясында тараптар бір-біріне алиментті қасақана төлемейтін азаматтарды анықтауға және олардан берешекті өндіріп алуға жәрдемдесуге міндеттенеді. Бұдан басқа, тараптар алименттерді өндіріп алудың тиімділігін арттыру мақсатында іс-шаралар кешенін қамтитын бірлескен іс-қимыл жоспарын қабылдады.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 тамыз 2019 г. 409 0