« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Соңғы кездері елімізде алаяқтық оқиғалар тым жиілеп барады. Статистикалық мәліметтерде жыл басынан бері 6 айда алаяқтық қылмыс бойынша сот барлығы 92 адамға қатысты 87 қылмыстық іс қарап аяқтаса, оның ішінде 51 адамға қатысты 48 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімдері шыққан. ал 41 адамға қатысты 39 қылмыстық іс ақталмайтын негізбен өндірістен тоқтатылып, қаулы түріндегі сот актілері қабылданған.
Алаяқтық қылмыстардың басым бөлігін әйелдер жасаған. Соның бір мысалы, Қызылорда қалалық №2 сотында Ш. есімді азаматша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігімен алаяқтық қылмысы бойынша кінәлі деп танылып, түпкілікті 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді.
Сотталушы жәбірленушілерге жергілікті банктерден ірі көлемде жеделдетіп төменгі пайызбен несие алып беремін және баласын жұмысқа тұрғызып бере алатыны жайлы сеніміне кіріп, түрлі сомада ақша алып, алаяқтық жасаған.
Алаяқтардың жәбірленушілерді алдау тәсілдері әрқилы. Жер телімдерін, жеңілдікпен пәтер, банктерден кедергісіз жедел несие алу, жұмысқа орналасу сияқты мұқтаждықтарды шебер пайдаланады.
Осы орайда жәбірленушілердің де іс-әрекеттеріне тоқталмасқа болмайды. Өйткені олар да заңсыз жолмен ойлаған мақсаттарына жетуге ұмтылады.
Мысалы, қаралған қылмыстық істердің арасында кей жәбірленушілер мемлекеттік бағдарлама аясында пәтер алу үшін өзінің бұрынғы пәтерін сатып не оны басқа біреудің атына рәсімдеп, тағы да пайда көру үшін кезектен тыс пәтер алмақ болған әрекеттер бар. Сөйте тұра, сол қылмысын жасырып алаяқтарға берген ақшасын «Қарызға бердім» деп, заңсыз жолмен делдал арқылы пәтер алуға әрекет жасағанын мойындамайды. Көп жағдайларда жәбірленушілер өздерінің заңға қайшы әрекеттерін жасырып, тіпті құқық қорғау органдарына да хабарламайды. Соның салдарынан алаяқтық қылмыстар дер кезінде ашылмай, қылмыстың алдын алуға кедергі келтіреді.
Мұндай қылмысты дәлелдеу қиын, себебі алдау фактілерін объективті түрде дәлелдеуді қажет етеді. Алаяқтарға жем болатын аңқаулар бір емес, бірнеше рет істі болғандарға жем болып жататын оқиғалар да жиі кездеседі. Сондықтан пара беріп үй аламыз, жер аламыз деместен бұрын жақсылап ойлану қажет.
А.АБДУМАНОВ,
Қызылорда облыстық прокуратурасының
басқарма
аға прокуроры.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |