« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Кеше облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс 35-ші сессиясы өтті. Оның жұмысына ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Бекмырза Еламанов пен Мұрат Бақтиярұлы қатысты. Сессия төрағасының міндетін атқарған облыстық мәслихаттың хатшысы Наурызбай Байқадамов күн тәртібін жариялағаннан кейін аймақ басшысы қысқаша хабарлама жасады.
Облыс басшысы 2019 жылдың бюджеті 239,2 млрд теңге болып бекітіліп, үш рет нақтыланып, 297 млрд теңгені құрағанын жеткізді. Сондай-ақ, 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасында 14,2 млрд теңге сомасын нақтылауды ұсынды.
«Бұл қаражатты облыстың кезек күттірмейтін басым бағыттағы шығындарына жұмсау көзделуде. Біріншіден, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге қосымша 5,1 млрд теңге бөлінді. Бұдан басқа, 2019 жылғы 1 маусымнан бастап азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын арттыруға қосымша 967,9 млн теңге; еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 1,1 млрд теңге бағытталды. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға кредит беруге 950,0 млн теңге қаралуда», – деді облыс әкімі.
Айта кетейік, облыс бюджеті өзінің әлеуметтік бағытын сақтап келеді. Денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет саласын дамытуға 878,0 млн теңге бағытталды. Бұдан басқа, облыс бюджетінің қалған бөлігі Сырдария өзенінің сол жағалауын игеруге және дамытуға (8 жалға берілетін тұрғын үй құрылысына), облыс орталығын дамытуға; мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 4 жобаның мемлекеттік міндеттемелерін орындауға және 2 жобаны консультативті қолдау мен олардың конкурстық құжаттарын сараптамадан өткізуге бағытталған. Сондай-ақ, жылу беру маусымында бюджеттік мекемелер мен кәсіпорындарды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету міндеті бар.
«Айта кету керек, Қызылорда облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен тұрғындарға алғашқылардың бірі болып көмек көрсетті.
Арыс қаласындағы тұрғын үйлерді қалпына келтіруге және Түркістан қаласындағы халыққа қызмет көрсету кешенін салуға облыстың нақтыланған бюджеті қаражатының бір бөлігі бағытталды», – деп атап өтті аймақ басшысы.
Облыс әкімі бұдан кейін соңғы уақытта аймақта болып өткен қоғамдық-саяси маңызды шаралардан хабардар етті. Байқоңырда «Роскосмос» басшысы Д.Рогозинмен кездесіп, үкіметаралық отырысқа ұсынылатын мәселелерді, Байқоңыр бойынша жүзеге асуы тиіс жұмыстарды талқылағанын айтты. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласына, Арысқа, облыс аудандарына жасаған іс-сапар барысы мен автомобилистер мен құрылысшылардың кәсіби мерекелері туралы баяндады. Арыс қаласында Үкімет басшысы Асқар Мамин Сыр құрылысшыларының өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарғандары үшін алғыс білдіргенін жеткізді.
«17 тамызда сенбі күні Президент тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысында жұмыс сапарымен болды. Жұмыс сапары барысында Асқар Ұзақбайұлына Арыс қаласындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы баяндадым. Сыр құрылысшыларына және халқына қиын жағдайда қолдау жасағаны үшін Премьер-Министр өз ризашылығын білдірді», – деді аймақ басшысы.
Облыс әкімі өңірде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша іс-шаралар жоспары бекітілгенін еске салып өтті.
– Енді әкімдер тұрғындар көтерген осы әлеуметтік мәселелерді шешудің жолдарын қарастыруы қажет. Өйткені, халықтың сенімі біз үшін қашанда маңызды. Бұл тапсырмалардың орындалуы қатаң бақылауда болады, – деді облыс әкімі.
Сессияда сенатор Мұрат Бақтиярұлы сөз алып, Қуанышбек Досмайылұлына облыс әкімі қызметін абыройлы және табысты атқаруына тілектестік білдірді. Ол биылғы республикалық бюджет 10 трлн теңге болып бекітілгенін, оның басым бөлігі атаулы әлеуметтік көмекке жұмсалып жатқанын жеткізді. Сонымен бірге Қызылорда облысының бюджеті біраз облыстармен салыстырғанда жақсы көрсеткіштермен ерекшеленетінін айтты.
Сенатор Бекмырза Еламанов өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың бірыңғай әлеуметтік төлем жасау көрсеткіші өте төмен болып отырғанын айтып, бұл мәселені басты назарға алуды ұсынды.
Облыс әкімі маңызды мәселелерді көтеріп отырғаны үшін сенаторларға ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар, Үкіметке «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автодәлізінің Ақтөбе мен Қызылорда аралығындағы жолды ІІ категориядан І категорияға көтеру мәселесі қойылып отырғанын айтты. Оны тезірек қолға алмаса, жол-көлік оқиғасы көбейе беретін болады. Осыған Парламент депутаттарының қолдау көрсетулерін сұрады.
Мұнан кейін 9 маусымда болған кезектен тыс Президент сайлауында «Nur Otan» партиясынан ұсынылған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын насихаттауда белсенділік танытқан облыстық қоғамдық штабтың бір топ мүшесіне партияның облыстық филиал төрағасы, облыс әкімі Қ.Ысқақов Президенттің «Алғыс хатын» табыс етті.
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |