« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Жойылып бара жатқан Арал теңізінің мәселесі біздің өңірге ғана емес, бүкіл әлемге қатер төндіруде. Теңіздің тартылуы салдарынан жыл сайын 75 миллион тоннаға дейін шаң мен улы тұзды жел көтеріп, оның тозаңы қазірдің өзінде Еуропа мен Антарктидадан табылып отыр.
Арал теңізінің құрғаған ұлтанында ұшқан шаң мен тұзды тоқтату мақсатында соңғы 25 жылда теңіздің Қазақстандағы бөлігінде 183 мың гектар аумаққа сексеуіл ағаштары егілді. Өйткені, сексеуіл құмның белгілі бір мөлшерін ұстап тұра алады. Осылайша құм орнығып, шөлді болдырмайды.
Соның ішінде, 2008-2014 жылдары Қазақстан, Дүниежүзілік банк және Ғаламдық экологиялық қоры арқылы қаржыландырылған «Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту» жобасы аясында Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 56,5 мың гектар жерге сексеуіл екпелер егілді.
– Арал теңізінің құрғаған ұлтанында Қазалы және Арал орман шаруашылығы мекемелері биылғы жылы 6300 гектарға сексеуіл егу жұмыстарын жоспарласа, көктем айларында оның 2500 гектарына сексеуіл көшеттері отырғызылды. Ал қалған 3800 гектары агротехникалық талаптарға сәйкес күз айында егілетін болады, – деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Байкенже Ахметов.
Басқарма өкілінің айтуынша бұл жұмыстарға қаржы облыстық бюджеттен бөлінсе, мұнан бөлек 2018 жылдан бастап Оңтүстік Корея Республикасымен бірлесіп «Арал теңізінің құрғап қалған ұлтанында фитоорманмелиорациялық жұмыстар жүргізу» жобасы жүзеге асырылуда. Осы жоба аясында Аралдың құрғаған ұлтанының 10 мың гектар (2018 ж - 5000 гектар, 2019 ж - 5000 гектар) жеріне сексеуіл егу жұмыстары жүргізілді. Арал және Қазалы орман шаруашылығы мекемелеріне 2 дана «Беларусь-12212» тракторы тіркемесімен, 2 дана ПЛТ-200 соқасы, 4 дана УАЗ автокөлігі және 2 дана вагон-жатақхана, 4 дана сексеуіл отырғызғыш машина алынды.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінде теңіздің тартылып қалған бөлігінде өсіп шыққан орманның аумағы 300 мың гектарға жетті.
«СБ» ақпарат.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |