« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Осы күндері сырбойылық өнерпаздар Өзбекстанда жүр. Олар бір апта бойы көрші елді ән-думанға бөлемек.
Қызылорда облысының күндері Қазақстанның Өзбекстандағы жылы аясында ұйымдастырылып отыр. Шара кеше Ташкент қаласының Өзбек ұлттық академиялық драма театрында жергілікті суретшілер көрмесінен басталды. Артынша сырбойылық сахнагерлер – Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының ұжымы көрермен назарына Р.Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» драмасының қойылымын ұсынды. Сыр өңірінің Өзбекстандағы мәдени күндерін бүгін Науаи облысының Фархад мәдениет үйінде әнші, биші, жыршылар жалғады. Олардың қатарында Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі, «Томирис» би ансамблі бар. Келген жұрт гала концертті тамашалап, көңіл сергітті.
15-19 тамыз аралығында облыстық филармонияның дәстүрлі орындаушылары Науаи қаласы мен Тамды, Үшқұдық, Кенимех аудандарында экспедициялық концерт береді.
Назерке Саниязова
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |