« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Биылғы шілде тым ыстық болды ғой. Күн шыға аспан асты қайнап тұрғаны. Көлеңкеде қырық бір градус. Қырық күн шілде өткен соң, ыстықтың беті қайта бастады. Жә, ауа райын көп айтып күпір болмай-ақ, қоялық. Одан да назарымызды мына жағымды жаңалыққа қарай аударалықшы.
Жаңақорғанның Жайылмасының қарбыз шырынын шығаратын тәжірибелік шағын цех іске қосылды. Жыл басында халық алдындағы есеп беруінде аудан әкімі Ғалым Әміреев инвестор табылғанын, биыл Жайылмада қарбыз нәрінен сусын шығарылатынын айтқан еді. «Қарбыз сусынын неміс технологиясымен өндіретін серіктестіктің мамандары бұл мәселені зерттеу үстінде» деген-ді. Міне, ауыл тұрғындары асыға күткен сол игілікті іс бастау алды. Осы ауылдық округтегі «Сенім» шаруа қожалығының иелігіндегі нысанға орналастырылған неміс технологиясының жабдығы жоғарыда аталған «Казэкспорт-Трейтинг» арқылы іске қосылды. Бұл жаңа технология бойынша сағатына 1 тонна 100 литр сусын шығарып, дайын өнімдер пакеттеліп, арнайы қоймаларда сақталатын болады. Бұл туралы инвестор Иохан Марс жаңашыл жобаның жай-жапсарын түсіндірді.
– Десе де, шаруашылықтарға ескертетін бір мәселе бар. Біздің өндіретініміз табиғи шырын, қарбыз құрамында химиялық қоспалар болмауы қажет, – деді ол.
Біздің қосымша білгеніміз, тәжірибелік алғашқы жұмыстар жүргізілгенімен, кейін өнімді өңдеу жолындағы арынды еңбек Алматыдағы зауытта жалғасын табады.
– Ауылдық округтегі шаруашылықтар мен жеке тұрғындар әр жылы шамамен 500-600 гектар жерге бақша дақылдарын егеді. Тұрғындардың негізгі табыс көзі егіншілік болғандықтан, ала жаздай өндірген өнімдерінің нарыққа шыққанын қалаймыз. Жасыратыны жоқ, алғашқы кезде қарбызға сұраныс мол, бағасы да лайықты болғанымен, күзге талап азаяды. Сондықтан бақша өнімі кештеу пісетін шаруалар алаң көңіл болатын еді. Аудан әкімінің Ғалым Әміреевтің бастамасымен ауылға инвестор тартылуы, яғни, жаңа технология арқылы қарбыз шырынын шығаратын цех іске қосылғалы бұл күмәннан арылды, – деді ауылдық округ әкімі Талғат Зейдалиев.
Тәжірибелік негізде іске қосылған цехтың алдағы уақытта арнасы кеңи беретіні сөзсіз. Сол кезде шөліркеген жұртшылыққа қырық градус ыстығың оншалықты бөгет бола қоймас.
Н.НАЗЫМХАНҰЛЫ.
Жаңақорған ауданы,
Жайылма ауылы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |