Сабақтастық – тұрақты даму кепілі

  Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Біздің ендігі міндетіміз – қолдағы барымызды қадірлеп, жетістіктерімізді сақтап, өрлеу мен жасампаздық жолында болашаққа батыл қадам басу» деген болатын. Жүріп өткен жолымыз тек қана тарих емес, ол – едәуір дәрежеде болашақтың да көрінісі. Жалпы алғанда, са­бақтастық, байыптылық  Ұлы далада ұрпақтан ұрпаққа жал­ғасып келе жатқан қасиетіміз. 

Сабақтастықтың бірнеше та­ри­хи үлгісіне тоқталуға бола­ды. Халыққа үйреншікті, қа­лып­­тасқан саясатты дәл солай кө­шіруге тырысатын са­бақ­­тастық. Бастапқыда бәрі жақсы жүріп жатады, бірақ жо­лында тіпті елеусіз болса да, жаңа, бұрын кездеспеген проб­лемаларға жолыққанда оларды қалай шешу кезінде абдырап қалуымыз ықтимал. Осындай кішігірім мәселе артында жаңа проблемалар туындап, ұстанған са­бақ­тастықтың іске асуына зор ке­дергілер келтіріп, қателіктерге ұрындырады. Себебі, қоғам тара­пы­нан үнемі өзгерістер талап етіледі. 

Келесі,   өзіндік жолмен бұ­рын­ғы  жеткен жоғары дең­гейді қа­лыпта ұстап тұратын, алайда  асып кетуге  онша  ұрына бермейтін  сабақтастық. Оның тұ­сында елдің экономикалық-әлеуметтік дамуы тұрақты болады. Халық мұндай саясатқа ал­ғашында құрметпен қарап, то­лығымен қолдап отырады. Өйткені, халық үшін демократия – дегеніміз, тұрақтылық. Бірақ ұзақ мерзімге созылған қалыпты жағдай тұрғындарды психологиялық жағынан жалық­тырып жіберуі ықтимал.

Бұрынғы жетістіктерімізді кемең­герлікпен дамытатын са­бақ­­тастықтың орны бәрінен де маңызды. Ол алдыңғы тәжірибені мұқият талдау, үздік жобалар мен бастамаларды жалғастыру, әлсіз жақтарын жетілдіру және  жаңа бағыттарды қосу, бұрынғы жетістіктерді қадірлеу, негізгі идеялар мен дәстүрлі мақсаттарды сақтау арқылы дамуға жаңаша серпін беру болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев­­тың бүгінгі халықтың жағ­дайын жақсартуға бағыт­тал­ған сая­саты осы  сабақтас­тық­тар­дың барлық типінің эле­мент­те­рін қамтиды. Сондық­тан да,  Мемлекет басшысының ке­шен­­ді және ұзақмерзімді си­пат­тағы іс-қимылды қажет ете­­тін мә­селелерді одан әрі са­бақ­­­тастық­пен  дамыту қағи­да­ла­ры­­­ның  өміршеңдігіне  сенімім  мол. 

Рухани құндылықтарымыз бен тарихымыздан қуат алып, Қазақстанның саяси және әлеу­меттік-экономикалық даму жолында жаңа белестерді бағындыру үшін таңдаған ұлттың осындай ұлы істерін бірігіп еңсеру бәріміз үшін маңызды. 

Наурызбай БАЙҚАДАМОВ,

облыстық мәслихат

хатшысы.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 тамыз 2019 г. 337 0