« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Арыс қаласының төтенше жағдайдан кейінгі тыныс-тіршілігі ел назарында. Мемлекет қамқорлығынан бөлек, барша қазақ жұртының жұмыла қолдау білдіруі ел бірлігінің бекем екенін дәлелдей түсті.
Арыстағы ағайынға көмек қолын созудан Сыр елі қалыс қалған жоқ. Қиын сәтте қиналғанның жанынан табылып, аға буын да, ерікті жастар да көмек беруден аянып қалмады. Арысты қайта қалпына келтіруде біздің аймаққа жүктелген №6 секторда Сыр құрылысшылары уақытпен санаспай, еңбек етуде. Нәтижесінде төтенше жағдай салдарынан қираған үйлер қалпына келтіріліп, жаңа үйлер де бой көтерді.
Жуырда Қызылорда қалалық мәслихатының бір топ депутаты Арыстағы ағайынның жағдайын білуге арнайы барды. Қалалық мәслихат хатшысы Роза Боқанова бастаған делегация құрылыс компаниялары қалпына келтірген үйлерді көріп, тұрғындармен кездесті. Арыс тұрғындары да емен-жарқын көңіл-күйде.
– Сырбойылық құрылысшы азаматтарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында біздің ұсыныс-пікірімізге құлақ асып, сапалы жұмыс істеуде, – дейді олар.
Айта кетелік, қалалық мәслихат тарапынан арыстықтарды қолдау мақсатында барлығы 1 млн 584 мың теңге көлемінде қаржы аударылған. Оның ішінде 7 депутат арнайы ашылған есепшотқа 724 мың теңге қаржы аударса, 5 депутат өздері басшылық ететін ұжым қызметкерлерінің бір күндік еңбекақысын аударуды ұйымдастырды. Сондай-ақ, бес құрылысшы депутат – Қайрат Ерназаров, Бақдәулет Ысқақов, Алтынбек Сүйінтаев, Мұса Абдуқалықов, Ли Илларион 90-ға жуық үйді қалпына келтіруге атсалысуда.
Гүлмира ДІЛДАБЕКОВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |