Аралда жаңа сауда үйі ашылды

Арал қаласында жеке кәсіпкер Нұргүл Қыздарбекованың бастамасымен «Саида» сауда үйі ашылды.

Ашылу рәсімінде аудан әкімі Мұхтар Оразбаев облыс көлемінде жарияланған Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үшжылдығы аясында кәсіппен айналысуға ниеттілер қатары артқанын айта келе, жаңадан ашылған нысанның тұрғындарға сапалы өнім ұсынып, тиімді қызмет көрсетуіне тілектестігін жеткізді.

Сауда үйінде тұтынушылар тұрмысқа қажетті заттарды сатып ала алады. Аталған маркеттер желісінің азық-түлік сататын бөлімшесі біршама уақыттан бері тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп келеді. Екі сауда орнында 28 адам жұмыспен қамтылып отыр.

Сауда орындары заманауи техника, кассалық аппарат және тексеру құрылғыларымен толықтай жабдықталған.

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.

Арал ауданы.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 тамыз 2019 г. 387 0