Қармақшыда екі отбасы үйлі болды

Құрбан айт мерекесі Қармақшы ауданында жоғары деңгейде аталып өтті. Шара алдында аудандық «Қармақшы ата» мешітінде ауданның бас имамы Жақсыбек Әбенов Құрбан айт намазын оқып, әруақтарға арнап құран бағыштады.

Одан әрі мереке мешіит қызметкерлерінің  діни уағыздар айту мен, құрбандыққа мал шалу рәсіміне ұласты.

Сонымен бірге, жамағаттың ұйымдастыруымен ұлттық спорт ойындары өткізіліп, жүлдегерлерге сый-сияпат жасалды.

Мерекеде республикалық «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында өңірдегі тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуде аудан мешіттері жамағатының бастамасымен іске асырылып келе жатқан жоба бойынша аудан әкімі Сұлтан Мақашов пен бас имам Жақсыбек Әбенов баспанаға мұқтаж Жосалы кентіндегі 2 отбасыға пәтер кілтін тапсырды.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.

Қармақшы ауданы.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 тамыз 2019 г. 1 062 0