« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Сыр бойының түлегі, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының лауреаты, терроризм тақырыбын зерттеп жүрген қазақстандық журналист, әскери фототілші Назгүл Кенжетай кеше туған жерге келді. Сол жағалаудағы Жастар орталығында аймақтағы БАҚ өкілдері және дін орталығы мамандарымен өткен кездесуді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов жүргізді.
Кездесуде «Басылымдар мен әлеуметтік желілердегі діни экстремистік мазмұндағы материалдарға қарсы насихаттық ақпарат жариялаудың өзектілігі» тақырыбында ой бөлісті.
– Әлемде діни мәселеге келгенде алаңдаушылық басым. Қоғамдағы көкейтесті мәселенің себеп-салдарын зерттеп, халыққа дұрыс ақпарат жеткізе білуіміз керек. Жерлесіміз Назгүл Кенжетайдың көтеріп жүрген мәселесінің бірі – босқындар жайы. Босқындықтың түбірі – елдегі қолайсыздықтан. Бұл тақырыпты фотоға түсіріп, әлем назарын аудару кәсіби шеберлікті байқатады. Бүгін осы тақырыпта әріптестермен кеңінен ой бөлісуге мүмкіндік туып отыр, – деді Т.Маханов.
Жерлесіміз Түркияда журналистика мамандығы бойынша білім алып, әскери тілші, саяси талдаушы ретінде Таяу шығыстағы соғыс ошақтарына барып, әлемдік қақтығыстардың фотодеректер қорын тың туындылармен толықтырып келеді.
Елбасымен кездесуде оның «Мен байрағы жерге құлаған елді көрдім. Елін қорғай алмаған ерді көрдім» деген сөзі көпшілікті бейжай қалдыра алмады. Оның объективіндегі әрбір сурет бейбітшіліктің қаншалықты қымбат екенін ұғындыра түскендей.
– 2013 жылы Түркия республикасының мемлекеттік грантын жеңіп алу арқылы журналистика мамандығын игердім. Қазір халықаралық әскери тілші, саяси талдаушымын. Зерттеу алаңым – халықаралық қақтығыстар. Әрине, мамандыққа кездейсоқ келу мүмкін емес. Менің таңдаған мамандығым икемділікті, төзім мен шыдамды, мықты психологияны талап етеді. Сонымен қатар журналист ретінде барлық қақтығыстарды жақыннан зерттеу – парыз. Зерттеп ғана қоймай, бұл мәселенің шешілуіне қол ұшын беру қажет. Олардың жанайқайын әлемге естірту керек. Ақ пен қараны ажырата білу керек,– деді Н.Кенжетай.
Кездесу барысында әскери тілшінің кәсібіне, зерттеу алаңына, жалпы журналистикаға қатысты қойылған сауалдар аз болмады. Сондай-ақ, қоғамды лас ақпараттардан тазарту, бүгінде белең алған көшіріп басу мәселесі талқыланды. Сонымен қатар журналистің эмоцияны тежей білуі, оқиға орнынан шынайы ақпарат беру өзектілігі де атап айтылды.
Мұнан соң әскери тілші Сыр жастарымен кездесті.
Гүлмира Ділдәбекова.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |