« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Nur Otan» партиясының облыстық филиалында облыс әкімі, филиал төрағасы Қуанышбек Ысқақовтың төрағалық етуімен партиялық тыңдау өтті.
Жиында партияның «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасының «Денсаулық» және «Білім» бағыттары мен Президенттің сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылуы сөз болды. Денсаулық және білім салалары бағдарламада партияның айрықша қамқорлық жасайтын салалары ретінде белгіленген.
– Осы орайда филиал жанында басым бағыттар бойынша аймақтық комиссиялар жұмыс атқарып келеді. Жақында аталған комиссиялар құрамына қазіргі талаптарға сәйкес өзгерістер енгізіліп, жаңартылды, – деді аймақ басшысы.
Одан кейін облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова Білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен Президенттің сайлауалды бағдарламасының орындалу барысына тоқталды. Оның айтуынша, соңғы 6 жылда аймақта 69 мектеп салынды. Бүгінде Жаңақорған және Жалағаш аудандарында апатты жағдайдағы 2 мектептің құрылысы жүргізілуде.
Биылғы ерекшелік, мектептерде ыстық тамақ ұсыну, лагерьге жолдама беру, 1 класқа қабылдау механизмдері автоматтандырылды. Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау процесі де электронды түрде жүргізіле бастады. Аз қамтылған отбасылардың балаларын қолдау мақсатында бірінші рет 6800 оқушы Қызылорда қаласында қоғамдық көлікте тегін жүретін болды. Бүгінде жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 20 мың мұғалімнің 80 процентінің еңбекақысына 30-50 проценттік үстемақы төленуде.
– 1 маусымнан бастап қызметкерлердің жалақысы 30 процентке көбейді. Педагог мәртебесі туралы заңның қабылданатыны сала қызметкерлері үшін ең маңызды жаңалыққа айналды. Заң мұғалімдердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуына кепілдік беретіні анық. Заң жобасына байланысты тиісті ұсыныстарды жолдадық, – деді сала жетекшісі.
Сыр медицинасынан да серпінді бастамаларды байқауға болады. Әсіресе, құрылыс қарқыны бір толастаған емес. 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік салалық бағдарламасының орындалуы жөнінде тарқатып айтқан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов жоспармен бөлісті.
– Бюджет және жеке инвестиция тарту есебінен 2026 жылға дейін 107 денсаулық сақтау нысанын салу және жөндеу, оның ішінде 87 нысан салу, 19-ын күрделі жөндеуден өткізу, 1 нысанды қайта жаңғырту көзделіп отыр. Жыл соңына дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Қызылорда қаласында 400 келушіге арналған емхана, 6 дәрігерлік амбулатория және 1 фельдшерлік-акушерлік бекет пайдалануға беріледі, – деді ол.
Жиында, сондай-ақ, білім саласындағы бақылау шаралары, мектептердің санитарлық жағдайы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу барысы жөнінде сала басшылары хабарлады. Қорытындысында облыс әкімі, партия филиалының төрағасы Қуанышбек Ысқақов білім және денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Назерке Саниязова.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |