Облыс әкімінің құттықтауы

Құрметті жерлестер!
Қымбатты әлеумет!


Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!
Құрбан айт мерекесі – ежелден мұсылман қауы­мының бейбітшілік, бірлік, мейірімділік пен қайырым­дылық сияқты адамгершілік құндылықтарды нығайтатын ең басты мерекесі.
Тәуелсіздік алғалы Елба­сы­мыздың қолдауымен бұл мереке мемлекеттік деңгейде ерекше құрметпен аталып келеді.
Қазақстан Республикасы – әрбір азаматтың ар-ождан бос­тандығына кепілдік берілген және барлық конфессия ұстану­шыларының заң алдында теңдігі қамтамасыз етілген зайырлы, демократиялық мемлекет.
Зайырлы қоғам және жоғары руханилық – біздің басты құн­ды­лықтарымыз.
Жүрегіне иман ұялаған әрбір адам айт күндері жақсы істер жасауға, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қуаныш сыйлауға тырысады.
Ұлық мереке құтты болсын! Қасиетті күндердегі ізгі амалдарыңыз бен ниеттеріңізді Алла қабыл етсін!
Құрбан айт әрбір отбасына амандық, елімізге бірлік пен ынтымақ әкелсін!

Құрметпен,
Қызылорда облысының әкімі                 Қ.ЫСҚАҚОВ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 тамыз 2019 г. 710 0