« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Сырбойылық өнерпаздар алдағы аптада Өзбекстанға сапарлатпақ. Бірнеше шығармашылық ұжымның гастрольдік туры осы елдегі Қазақстан жылы аясында ұйымдастырылып отыр. Олардың қатарында Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі, «Томирис» би ансамблі, облыстық филармонияның әнші-жыршылары – барлығы 80-ге жуық адам бар.
– Өнер шеберлерінің концерті 14 тамыз күні Науаи қаласындағы «Фархад» мәдениет үйінде өтеді. Гастрольдік сапар Күнсұлу Түрікпен, Марат Сүгірбай, Әділхан Қуаңбай, Нұртілек Ақтаев, Амандық Жаппарбердиев, Бейсенбек Төлеубай секілді дәстүрлі орындаушылардың этноэкспедициясымен жалғасады. Олар 15, 16, 17 тамыз күндері қазақтар көп шоғырланған Кенимех, Тамды және Үшқұдық елді мекендерінде болып, қандастарымызды жырмен сусындатпақ, – дейді облыстық филармония директоры Талғат Мақашов.
Жергілікті шығармашылық ұжым Өзбекстанның астанасы мен оған жақын өңірлерде бұған дейін де бірнеше рет болған. Ал бұл жолы шалғай елді мекендерге қазақ диаспораларының шақыруымен барғалы отыр. Өнерпаздардың кәсіби деңгейінің жоғарылауына, тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін мұндай гастрольдік сапарлар географиясы соңғы жылдары кеңейе түскені рас. Былтырдың өзінде Ресей, Ұлыбритания, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктерінде ән мен жырдан шашу шашып, көрермен көзайымына айналып үлгерді. Филармония басшысы өнердің өрістеп, рухани керуен көшінің алға жылжуында аймақ басшылығының қолдауы айрықша екенін атап өтті.
Назерке САНИЯЗОВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |