« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Биыл облыс бойынша жеті айда 29 адам суға кетсе, оның 12-сі бала. Ал былтыр жыл бойына су айдындарында 22 адам өмірден өтіпті. Иә, қазір тұтас ел бойынша суға шомылу маусымындағы адам қазасы өте өзекті. Әсіресе, жасөсіпірімдердің суға кету жағдайы алаңдатып отыр. Сондай-ақ, өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыста ортақ су пайдаланудың қағидасы бекітілгені хабарланды.
- 5 тамыз күні Түркістан облысы, Леңгір ауданының тұрғындары Жаңақорған ауданындағы Бесарық елді мекеніне балық аулауға келіп, екі бала суға кетті. Оларды құтқармақшы болған анасын жағадағы қойшылар аман алып қалған. Қазір жедел құтқару жасағының қызметкерлері балаларды іздестіру жұмысын жүргізіп жатыр, – деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев.
Осы кезге дейін облыс бойынша суға кету дерегі көп тіркелген аумақ Қызылорда қаласы болса, одан кейінгі орында Жаңақорған ауданы тұр. Суға кетудің басты себептері – рұқсат етілмеген аймақтарда шомылу, балық аулау және балалардың ата-ана қарауынсыз қалуы. Сондай-ақ серуендеуге келіп ішімдіктің салдарынан көз жұматындардың қатары қалың.
Енді белгіленбеген аймақта суға түсетіндер үшін алдымен ескерту беріліп, жағдай тағы қайталанса айыппұл салынады. Облыстық мәслихаттың кезекті 34 сессиясында облыста ортақ су пайдаланудың қағидалары бекітілген. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235 кодексінің 364-бабына сәйкес, ортақ су пайдалану қағидаларын – тиым салынған жерлерде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын көлемді кемелермен және басқа да жүзетін құралдармен жүзу талаптары сақталмаған жағдайда тәртіптік әкімшілік шара көріледі.
- Сондай-ақ, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер үшін жеке тұлғаларға екі, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жеті, орта кәсіпкерлік субьектілеріне – он жеті, ірі кәсіпкерлік субьектілеріне – қырық екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады, – деді Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекеме бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Нұрсұлтан Ибрагимов.
Айдана ЖҰМАДИНОВА,
«Сыр бойы».
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |