Жалағашта жаңа мешіт ашылды

Жалағаш ауданы, М.Шаменов атындағы ауылда жаңа құлшылық үйі ашылды. 

Мешіттің ашылу салтанатында ҚМДБ-ның облыс бойынша өкілі Болатбек Ұласқанұлы, облыстық мәслиxат xатшысы Наурызбай Байқадамов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, Өмірбек Шәменов сөз алып, xалқымызды имандылыққа тәрбиелеуде мешіттің алар орны ерекше екендігін атап өтті.

Жиылған халық 70 адамға шақталған жаңа мешіт ішінде жамағат болып намазын оқыған соң, облыстық «Ақмешіт-сырдария» орталық мешітінің ұстазы, қари М.Абжалелов Құран оқып, өкіл имам еліміз, дініміз үшін дұға тілеп, Аллаға шүкіршілік етті.

Кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен салынған мешітке еліміздің ауылшаруашылығын дамытуға сүбелі үлес қосқан жандардың бірі – соғыс және еңбек ардагері, ауылшаруашылық саласының көрнекті ұйымдастырушысы Мөрәлі Шәменовтің есімі берілді.


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 шілде 2019 г. 868 0