Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы лауазымына Жалғасбаев Ерқыран Ертілеуұлы тағайындалды.
Е.Жалғасбаев 1988 жылы туған. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Құқықтану», сондай-ақ «Экономика және бизнес» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы Қызылорда қаласы әкімі аппаратының бас маманы ретінде бастаған.
2018 жылдың қаңтар айынан бастап осы кезге дейін облыс әкімі аппараты семлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы болып қызмет атқарып келді.