Облыстық полиция департаментінің басшысы басқа қызметке ауысты

Облыстық полиция департаментінің басшысы басқа қызметке ауысты. Мемлекет басшысының Өкімімен Арыстанғани Расылханұлы Заппаров Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорда. 
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тағы бір Өкімімен Махамбет Хайыржанұлы Абисатов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.
Арыстанғани Расылханұлы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі академиясының Заң институтын бітірген. Ішкі істер органдарында 1993 жылдың қараша айынан бері қызмет атқарады. Орта және жоғарғы басшылық құрамдағы қызметтерді атқарды. Жергілікті бөліністердегі басшылық қызметте мол тәжірибесі бар. Әр жылдары Алматы облысы Полиция департаменті Еңбекші қазақ ауданының Полиция басқармасын, Алматы қаласы Алатау ауданы Полиция басқармасын, Ақмола облысы Полиция департаменті Степнагорск қаласы Полиция басқармасын басқарды, Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болды. 2018 жылдың қаңтар айынан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы қызметін атқарады. 
Айта кетейік, 2019 жылы сәуір айында ол Қызылорда облысы полиция департаментіне басшы болып тағайындалған еді.


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 шілде 2019 г. 678 0