"Аралтұздан" Арысқа

«Аралтұз» АҚ Арыс қаласының тұрғындарына өз қаражаты есебінен бір күндік жалақы қорынан материалдық көмек көрсетті, - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, зауыттың 500-ден астам қызметкері «Аралтұз» АҚ басшылығының бастамасына қолдау білдірді және зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсету үшін бір күндік табысын қосымша қорға аударды.
«Біздің кәсіпорын да әлеуметтік жауапкершілікті сезіне отырып, барлық қазақстандықтар үшін қиын кезеңде отандастарымызға қолдау көрсетуді жөн санайды», - деді «Аралтұз» АҚ президенті А.Тауасаров.
«Аралтұз» АҚ - Қазақстандағы өнеркәсіп пен тұз нарығында көшбасшы, сондай-ақ тұз өндіретін ТМД-дағы үш ірі компанияның бірі. Қазіргі уақытта «Аралтұз» АҚ өнімдерінің 75 пайыздан астамы Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Әзірбайжан және Украинаға экспортталады. 2019 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша «Аралтұз» АҚ ресейлік ас тұзы нарығында 18 пайыздан астам нарық үлесін алады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 шілде 2019 г. 447 0