Жаңақұрылыста 100 дана

Облысымыздың шежіресі,сү­йікті «Сыр бойы» газетіне 90 жыл толуы – оқырмандар үшін де мәртебе. Газеттің қай бетін ашып қалсаңыз да, әрбір саланың же­тістіктері, руханижаңғыру, облы­сымыздың өркендеуі жай­лы материалдарды оқып, кеуі­лімізкөтеріліп, өзімізше ой түйеміз. Ой түйіндегеніміз болар, 2019 жылдың екіншіжарты жылдығына «Сыр бойы» газетіне жазылуда белсенділік таныттық. Ауданорталығынан шалғай орналасқан, 154 үйі бар шағын ғана Жаңақұрылыс ауылыбаспасөзге жазылуда белсенділік танытты. Атап айтқанда, ауыл ардагерлері, батыраналар, мектеп, балабақша, клуб, кітапхана, фельдшерлік-аку­шерлік пункт,«Сарбұлақ» су мекемесі және әкімшілік қызметкерлері атсалысты. Осылайша «Сырбойы» газетіне жазылу бұрын 50 данадан аспайтын болса, бүгінгі таңда 100 данағажетті. Әлі де жазылу үстінде. Келешек әрбір үй «Сыр бойы» газетіне жазылып,облыс жаңалықтарын біліп отырады. 

Елде ұйымшылдықпенжасалып жатқан игі істерді көпшілікке жеткізу біздің де парызымыз деп білемін.



Сердалы ШАЛБАЕВ,

КСРО денсаулық сақтау саласының үздігі, Жаңақұрылысауылдық

ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Арал ауданы.

 

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 шілде 2019 г. 408 0