Экономика тұрақтылығы табысқа бастайды

Кеше облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың төрағалықетуімен өңірдің 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне арналғанжиын өтті. 

Мәжілістің күнтәртібіндегі бірінші мәселеге облыстық экономика және бюджеттік жоспарлаубасқармасының басшысы Нұрғали Қордабай кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, 2019жылдың алғашқы жартысында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында оңтенденция сақталды. Экономикаға тартылған инвестиция 2 есе, құрылыс 2,4 есе,тұрғын үйді пайдалануға беру 21,6 пайыз көлемі бойынша және ауыл шаруашылығында2,3 пайыздық өсім қамтамасыз етілді. Тек мұнай өндіру, өңдеу секторындағыкөрсеткіштің төмендеуі салдарынан өнеркәсіп өндірісі кенжелеп отыр. 

– Қазіргі күні бюджетқаражатын жеке инвестицияға алмастырудың маңызы зор. Мемлекеттік-жекешелікәріптестіктің түрлі нысандарын кеңейту қажет. Себебі осындай жобаларды жүзегеасыру көрсетілетін қызмет сапасын арттырып қана қоймай, шағын және ортабизнестің дамуына мүмкіндік береді, – деді басқарма басшысы. 

Әлеуметтік-экономикалықдамудың макрокөрсеткіштерін саралау барысында өнеркәсіп өндірісі, өңдеуөнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, инвестиция тарту, құрылыс, тұрғын үйлердіпайдалануға беру бағыттары назарға алынды. Талдау нәтижесі көрсеткендей, есептікезеңде тұрақты экономикалық дамуды Арал, Қазалы, Сырдария, Шиелі аудандарықамтамасыз етті. 

Осы орайда аймақбасшысы динамикасы төмен аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдеріне жұмыс қарқынынарттыруды тапсырды. Сонымен қатар, «Қарапайым заттар экономикасы»бағдарламасының орындалуын тежейтін себептер таразыланып, тиісті шаралардыжандандыру жөнінде міндеттер жүктелді. Айта кетейік, бағдарлама аясындабірде-бір жоба ұсынбаған үш аудан бар, олар – Арал, Сырдария және Жаңақорған. 

– Биыл бізИндустрияландыру бағдарламасының екінші бес­жылдығын аяқтаймыз. Бағдарламааясында құны 567,8 млрд теңгені құрайтын 28 жоба жүзеге асырылды. Оның 7-і іскеқосылып, 677 жаңа жұмыс орны ашылды. Ағымдағы жылы тағы 4 жобаны іске қосужос­парланып отыр, – деді Қуанышбек Ысқақов. 

Жиында атаулыәлеуметтік көмек тағайындау жөнінде облыстық жұ­мыспен қамтуды үйлестіру жәнеәлеуметтік бағдарламалар бас­қар­масының басшысы Талғат Дүйсебаев тарқатыпайтты. Осы мақсатқа биыл 9 млрд 600 млн теңге бөлініп, өткен 6 айда 22170отбасындағы 114657 адам мемлекет қолдауына қол жеткізді. Дегенмен, облыс әкіміатап өткендей, атаулы әлеуметтік көмек көрсету мөлшерінің өсуі қоғамда оңтенденциямен қатар, жағымсыз жағдайларды туғызуда. 

– Бұл әдейі ажырасу,жұмыстан өз еркімен шығу, табысты жасыру, отбасының қарызы бар мүшелерінтіркеуден шығару фактілерінің көбеюіне әсер етті. Халық арасында масылдықкөңіл-күй қалыптастырды. Үй аралау барысында тұрмыстық жағдайы тәуір отбасылардыңда көмек алып отырғаны анықталды, – деген аймақ басшысы бюджет қаржысыныңдіттеген мақсатқа жұмсалуы аса маңызды екенін атап өтті. 

Күн тәртібіндегі соңғымәселе – облыс­тық бюджеттің кірістер бөлігінің орын­далуы туралы облыстыққаржы басқар­масының басшысы Талғат Жақыпбаев баяндады. Мәжіліс қоры­тындысыменсала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.


Назерке САНИЯЗОВА.

 

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 шілде 2019 г. 322 0