Қызылордада жеке тасымалдаушы «Марал Нұр» ЖШС өздеріне тиесілі №617/618 Қызылорда – Жезқазған - Нұр-Сұлтан бағытындағы пойызға мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы вагондарды тіркеді, - деп хабарлады облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз қызметі.
Вагондар соңғы үлгіде жабдықталған, бейнемониторы бар, көтергіш құрылғы кез келген биіктіктегі платформадан ішке кіруге мүмкіндік береді. Айта кетейік, «Марал-Нұр» ЖШС 2005 жылы 5 вагонмен ұйымдастырылып, бүгінде теміржол көлігімен жолаушыларды тұрақты тасымалдап келеді. Қазіргі таңда 24 жеке вагоны бар, оның 4 жаңа вагоны мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған. №307/308 Жезқазған- Нұр-Сұлтан бағытындағы №307/308 пойыз күнделікті, №617/618 Қызылорда - Жезқазған - Нұр-Сұлтан бағытындағы №617/618 пойыз күн сайын қатынайды.