« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Луиза Турсунованы интернационалдықтар жақсы таниды. Ол жас та болса еңбекқор. Бұған дейін енесі Кабирамен бірге жер пеште пісірген нан өнімдерімен ауылдастарына танылған Луиза жуырда «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдаудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында несиеге қол жеткізді. Несие қаражатына нан пісіруге арналған заманауи құрал-жабдықтар сатып алған жас кәсіпкер бүгінде отбасылық кәсіпті өркендетіп отыр. Нақты кезеңде сапалы әрі дәмді нан пісіріп, оны ауылдағы ағайындарға тиімді бағамен ұсынуда.
«Наубайхана» ісі бойынша отбасылық бизнесті қолға алған жас кәсіпкерді іздеп Қармақшы ауданындағы ІІІ-Интернационал ауылына ат басын тіредік. «Земфира» дара кәсіпкерлігінің цехы осыдан бірнеше күн бұрын ғана іске қосылыпты. Бұл – бірлігі жарасқан көпұлтты ауылдағы жалғыз наубайхана екен.
– Бұған дейін жер пешке күніне 40-50 дана нан пісіріп сататынбыз. Мемлекеттік бағдарлама бойынша алған несиеге жаңа құрылғы сатып алғалы бері енем сұранысқа сай күніне 120-150 дана нан пісіреді. Тұрғындарға нанның пісетін уақыты белгілі. Олар ыстықтай сатып алып кетеді. Ол бізге де, тұтынушыға да ыңғайлы. Ұнды облыс орталығындағы арнайы ұн сататын фирмадан тапсырыспен алдырамыз», – деп бастады әңгімесін кәсіпкер.
Осы тұста әңгімеге Луизаның енесі Кабира апай араласты. «Отбасы мүшелері маған «бас наубайханашы» деген атақ бергелі наубайхана менің екінші үйім секілді. Қамыр ашытып, оны илеймін. Ашытқы дайын болғасын, оларды арнайы қалыпқа орналастырып, пешке саламын. Маған отағасы да көмектеседі. Екеуміз күніне 150 бөлкеге дейін нан пісіреміз. Дайын болғанда тұрақты тұтынушыларымызға хабар береміз. Ыстық нанды күтіп отырған олар дереу келіп алып кетеді. Бұған ауылдағы ағайын да дән риза», – деп ағынан жарылды ол.
– «Еңбек еткеннің алдынан береке шығады» дейді дана халық. Отбасылық кәсіпті ашқалы маған да жұмыс табылды. Бастысы, мемлекет еңбек етем дегендерге барынша қолдау көрсетуде. Тұңғыш Елбасының биылғы жылды Жастар жылы деп белгілеуінің түпкі мақсаты – жастарды жұмысқа, кәсіпкерлікке тарту. Ауыл әкімі Әсет Омаровтың өзі бас болып, тұрғындарға насихат жұмысын тоқтаусыз жүргізуде. Нәтиже жоқ емес. Әсіресе, жастар жағы бұл іске көп белсенділік танытуда. Келінім Луиза «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы аясында өткізілген жобаға қатысып, несие алды. Отбасы мүшелері кеңесе келе, наубайхана ашуды жөн көрдік. Қазір наубайханамыз нан пісіруге қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бастамасы жақсы. Өз тұтынушыларымыз бар. Тапсырысқа сай тәулігіне 150 бөлке нан пісіріп, тұтынушыларымызға өткіземіз. Егер жұмыс осылай алға баса берсе, алдағы жылдары кәсібімізді кеңейтуді де жоспарлап қойдық. Бірер мүйізді ірі қара мен қойды бағымда ұстап отырмыз. Оларды да бордақылап, кәсіпке жаратамыз ба деген ойымыз бар», – деді.
– Келе ғой, міне қалыптан енді алып жатырмын! – деп, пештегі дайын нандарды ала бастады. «Земфираның» ақ ұлпа нанынан ауыз тиіп, тілектестігімізді жеткіздік.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.
Қармақшы ауданы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |