« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазір қызылордалықтар бір-бірін көргенде қоятын алғашқы сұрақ: «күннің ыстығы қашан қайтады екен?» Сырдағы климаттың жайын бұрыннан білсек те, соңғы кездегі күннің қызуы бөлек. Мамандардың айтуынша, 20-шілдеге дейін аптап ыстық, 46-°Сқа дейінгі ауа температурасы сақталады. Ал күн райына байланысты қызметкерлердің жұмыс кестесі өзгеріп не тоқтауы мүмкін бе?
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев ауа температурасы 40°С -та ыстық, ал 45°С –тан бастап өте ыстық болып есептелетінін айтты.
- ҚР Еңбек Кодексінің 23-бабына сәйкес, егер ауа-райына байланысты адам денсаулығына зиян келіп, өміріне қауіп төнетін болса, жұмыс беруші жұмысты тоқтатуға құқылы және міндетті, – деді ол. Демек, салаға, жұмыстың түріне қарай, қызметкердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, кестені өзгерту әр басшының өзіне байланысты.
Ал алдағы ауа-райын келсек, облыста ертең, 16 шілде күні температура 39-44°С-қа дейін жоғарылайтын болса, 17-20 шілде аралығында 41-46 градус өте қатты ыстық күтілуде.
– Тек 16-17 шілдеде солтүстік аумақтағы Арал, Қазалы аудандарында температура 35-37°С-қа дейін төмендейді. Ал осы уақыт аралығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін көтеріледі. 20 шілдеден кейін циклонның енуіне байланысты ауа температурасы 33-38°С-қа дейін төмендеп, айдың аяғында жауын-шашын күтіледі, – деді «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының» бөлім бастығы Әйгерім Жүкелова.
Күннің аптап ыстық болуы, алдымен денсаулыққа қауіпті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық Абдусаметовтың айтуынша, жедел-жәрдем стансасында өткен жылмен салыстырғанда шақыртулар саны өскен. Айталық, 1-7 шілде аралығында шақыртулар саны 10 мыңнан асса, екінші аптада 11049-ға жеткен. Оның ішінде шақыртулар саны бойынша бірінші орында жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратындар тұрса, екінші орында тыныс алу жолдары дертімен науқастанғандар. «Ал балалар арасында денеге «күн өту» басым» дейді ол. Сондай-ақ, мамандар мұндай күндері суға шомылу кезінде абай болуға, балаларды көзден таса қылмауға шақырды. Бүгінгі дейін облыста 21 адам тілсіз жаудан көз жұмса, оның 8-і балалар екен.
Айдана ЖҰМАДИНОВА,
«Сыр бойы».
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |