Қазалылық жеке кәсіпкер «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсының жеңімпазы

Қызылорда қаласында өткен «Қазақстанның үздік тауары» жыл сайынғы өңірлік көрме-конкурсында қазалылық жеке кәсіпкер Гүлзат Билсариева «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

«Бастау-Бизнес» жобасымен оқу курсын аяқтап, кәсібін бастаған Гүлзат түрлі матадан сәнді әйел көйлектерін пішіп, тігумен айналысады. Кәсіпорында білікті тігіншілер қамтылған. Аз уақыт ішінде сапалы әрі сәнді киім үлгісін ұсына алуы арқасында тұтынушылар саны артып, сұранысқа ие. Алдағы уақытта қажеттілікке қарай цехты ұлғайтып, басқа да киім үлгілерін тігуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Өңірлік Кәсіпкерлер Палатасының ұйымдастыруымен өткен шараға Қазалы ауданынан «РЗА» АҚ-ның сүт өнімдері, өзінің тігін бұйымдарымен Шакарбан Турганбаева, сәнді әйелдер көйлектерімен жас кәсіпкер Ақбота Есекей, түрлі дизайндағы бас киімдерімен Әзима Дүрхан, «Томпи» попкорн өнімдерімен Гүлсая Құтжанова, кондитерлік өнімдерімен Шарапат Жаңагүл қатысты.


Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 шілде 2019 г. 422 0