Кеше айдынды Арал ауданында теңізден маржан сүзген балықшылар қауымының V слеті кең көлемде аталып өтті. Қамбаш көлі жағасында екі күнге жалғасқан биылғы слет балық шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесінің ресми бекітілуіне арналды.
2015 жылдан бастау алған шараға облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Намаев, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Қайыр Рыскелдинов пен Қызылорда облысының мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов және балық шаруашылығы саласындағы республикалық және халықаралық ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері мен аймақтағы балық шаруашылығының ард
агерлері, сондай-ақ Ақтөбе мен Түркістан облыстарының делегациялары қатысты.
12-13 шілде аралығында Арал өңірі балықшыларының дәстүрлі 5-ші слетінде облыстың балық шаруашылығы саласындағы жетістіктері қорытындыланып, алдағы жоспарлары анықталды.
Іс-шараға балық аулау ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері – барлығы 500 жуық адам қатысты.
Слеттің бірінші күні "Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС Арал филиалы базасында "Тауарлық балық шаруашылықтарын дамытудың мүмкіндіктері"атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Екінші күні слетке қатысушылар балық өнімдері және«Тіршіліктің нәрін бө
ліскен!» балықшылардың өмірі мен тыныс-тіршілігін баяндайтын көріністердің көрмесімен, аймақтың балық шаруашылығының даму тарихынан сыр шертетін жәдігерлермен танысып, саланың үздіктері мен ардагерлерін марапаттау рәсіміне қатысты.
Осы ретте, V балықшылар слетінің ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Намаев облыстағы балық шаруашылығының дамуы туралы айта келе:
-«Кеңес заманында Арал өңірінен (Арал, Қазалы аудандары) 8 Кеңес Одағының батыры, 21 Социалистік Еңбек Ері, 2 Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты шыққанын мақтанышпен айта аламыз.Бүгінгі күні де теңіз дауылына желкенін жықпай, өмір соқпағына мойымай ата кәсіпті жалғастырып жүрген балықшылар легі баршылық.Осы ретте, нарықтық экономика заманында балықшылардың басын біріктіріп, ел игілігіне қызмет жасап жүрген Нұрбек Әйімбетов, Аманбай Ерхатов, Т
өребек Игіліков, Батырхан Пірекеев, Табын Аленов, Шүкірбай Абдуалиев, Ақылбек Байқошқаров,Сәрсенбай Қошқарбаев сияқты ел азаматтарының, кәсіпкер азаматтардың еңбегін ерекше атап өткім келеді. Әрқайсысы жүздеген жұмыс орындарын ашып, өнімдерін алыс - жақын шетелдерге шығарып, облыс экономикасына қомақты үлестерін қосып отыр»,-деп атап өтіп, қатысушыларды шілденің екінші жексенбісіне ресми бекітілген Балық шаруашылығы қызметкерлері күнікәсіби мерекесімен құттықтады.
Сонымен қатар, слеттің ашылу салтанатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Қайыр Рыскелдинов пен Қазақ КСР балық шаруашылығының экс-министрі Құдайберген Саржанов сөз сөйледі.
Слет аясында саласының үздіктері мен ардагерлері марапатталды. Осы орайда балық ісінің қарқынды дамуына өз үлестерін қосып жүрген сала мамандары облыс
әкімінің алғысымен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Құрмет грамотасымен», ҚР «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен, ҚР Ауыл шаруашылығы саласының «Еңбек ардагері» төсбелгісімен, «Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен, "Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің 90 жылдық мерекелік төсбелгісімен және "Ауыл шаруашылығы ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігінің "Құрметті ардагер" төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, түрлі номинациялар бойынша еңбек еткендерге бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Салтанатты шарада «Арал тектіліктің тұраны, тұңғиық теңіз тұрағы» атты көл жиегіндегі және көл үстіндегі театрландырылған, тағдырлары теңізбен ұштасқан жандардың өмірінен сыр шертетін қойылым қойылып, ауданымыздың талантты өнерпаздары ән мен жырдан тамаша тарту жасап, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.