Құнды Сафлор майлары шетелге экспортталуда

Қазіргі таңда аймақта майлы дақылдардың экспорттау көлемін арттыру және облыс тұрғындарын маусымаралық кезеңде жылыжай өнімдерімен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінің ақпарат алаңында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бахыт Жаханов баяндады.
Бүгінгі күні егіс егу межеден 5,2 мың гектарға артық орындалып 183,8 мың гектарды құрады. Мұнын ішінде облыста егілген майлы дақылдар көлемі соңғы 5 жылда 6 мың гектарға артып бүгінде 7 мың гектарды құрады.
«Қазіргі таңда біз егілген майлы дақылдар оның ішінде сафлор майының көлемін арттырудамыз. Бұл дақылдар шет мемлекеттерде өте құнды болып есептеледі. Майлы дақылдардың экспорт көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Біздің аймақтың климаты дақылдарды өсіруге өте қолайлы», - деді Б. Жаханов.
Бүгінгі күні облыс бойынша жалпы көлемі 10,5 га құрайтын барлығы 164 жылыжай бар. Тұрғындарды маусымаралық кезеңде жылыжай өнімдерімен қамтамасыз ету үшін үстіміздегі жылы жаңадан 6,395 га болатын 43 жылыжайды іске қосу жоспарлануда.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 шілде 2019 г. 598 0