Елге еңбегі сіңген ардагерлер медальмен марапатталады

Кеше облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов облыстың ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаевпен кездесті. Аймақ басшысы ардагерлер кеңесінің жартыжылдық жұмыс қорытындысы бойынша қысқаша есебін тыңдады.
«Облыс әкімі Қуанышбек Досмайылұлының қабылдауында болып, Сыр өңірі ардагерлер кеңесінің жұмысы туралы қысқаша мәлімет бердім. Аймақ басшысы бірқатар тапсырма жүктеді. Сондай-ақ, қала, аудандарды аралау барысында жергілікті ардагерлермен кездесу туралы ұсыныс айттым. Әрі қарай да бірлесіп жұмыс істейтін боламыз», - деді Серік Әбішұлы.
Жалпы, Қызылорда облысының ардагерлері өңірдің қоғамдық өміріне белсене араласып келеді. Мерекелік іс-шаралар мен күнделікті жұмыс барысында ақыл-кеңестерін беріп, жастарға патриоттық тәрбие беруден жалыққан емес.
«Осы жылдың 6 айдың өзінде біраз жұмыс атқарылды. Мәселен, сәуір айындағы ҚР Президентінің сайлауалды науқанынДа Сыр ардагердерінің қосқан үлесі ерекше. Халықпен кездесіп, ақпараттық және үгіт-насихат жұмыстарына белсене араласты. Ардагерлеріміздің аймақ дамуына қосқан үлестері үшін алғысымыздың белгісі ретінде «Қызылорда облысының Құрметті ардагері» медалін әзірледік. Сыр өңірінде үлкен абыройға ие, белсенді жұмыс істейтін ардагерлерді осы медальмен марапаттайтын боламыз», - деді Серік Дүйсенбаев.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 шілде 2019 г. 547 0