« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қызылорда облысы мәслихатының кезектен тыс отырысына қатысып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қуанышбек Ысқақовты облыс әкімі лауазымына тағайындау туралы ұсынысы жазылған хатты оқып берді.
Мәслихат депутаттары Мемлекет басшысы ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады. Облыс активімен кездесуде ҚР Үкіметінің басшысы Қ.Көшербаевқа өңірді дамыту бойынша атқарған елеулі жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа лауазымы – ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметінде сәттілік тіледі.
– Қырымбек Көшербаев Қызылорда облысын 6 жыл бойы басқарды, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлесін қосты. Осы уақыт ішінде ірі инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобалар іске асырылды. Әлеуметтік саланы дамыту бойынша тиімді шаралар қабылданды. Тұрақты экономикалық даму жолында атқарған жұмысыңызға алғыс айтып, жаңа қызметіңізге сәттілік тілейміз, – деді А.Мамин.
Үкімет басшысы облыс активіне өңірдің жаңа әкімін таныстыра отырып, Қуанышбек Ысқақовтың өңірлік және орталық деңгейдегі елеулі жұмыс тәжірибесін атап өтті.
– Ол Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды, ұзақ жылдар бойы ҚР Қаржы министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді. Енді өз тәжірибесін облыстың дамуына жұмсайды, – деді Премьер-Министр.
Қырымбек Көшербаев Мемлекет басшысы көрсеткен зор сенім үшін алғысын білдіріп, Қуанышбек Ысқақовқа жауапты қызметінде сәттілік тіледі.
– Осыдан 6 жарым жыл бұрын облыс басшылығына келдім. Ол кезде облыс барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша ең соңғы орында еді. Елбасы инвестиция тарту, өндіріс пен ауыл шаруашылығын әртараптандыру, әлеуметтік проблемаларды қарқынды шешуді тапсырды және өзі әрдайым қолдау көрсетіп отырды, – деді ол.
Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов өзіне жүктелген жауапкершілік пен сенім үшін алғысын білдірді.
– Бойымдағы бар күш-жігерімді, білім-білігімді, іс-тәжірибемді аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға жұмсаймын. Осыған дейін басталған істерді жалғастыруға дайынмын. Елбасының, Президенттің, Үкімет басшысының бізге берген тапсырмаларын сапалы орындауға күш саламын, – деді.
Жиында мемлекет және қоғам қайраткері Б.Досмамбетов Қырымбек Көшербаевқа туған жерінің өсіп-өркендеуіне, баянды болашағына жасаған қызметі үшін алғыс айтты.
– Табиғаты қатал, экологиялық ахуалы күрделі өңірімізде аймақ басшысы ретінде салалар бойынша өміршең, ұзақмерзімді бағдарламаларды іске асырдыңыз. Аймағымыз жаңғырды, жаңарды, оңынан өзгерді. Елдің сенімі мен үміті орнықты. Ол үшін сізге барлық қызылордалықтардың атынан ризашылығымды білдіремін, – деді.
Одан әрі медицина саласының ардагері Т.Маханов, Батыр Ана С.Жұмабекова, И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық-техникалық жоғары колледж директоры И.Құттықожаев, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі В.Толоконников, Мәскеу болат және қорытпалар институтының түлегі А.Тобжан сөз сөйлеп, өз алғыстарын айтты.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |