Қасым-Жомарт Тоқаев эвакуацияланған тұрғындармен кездесті (ВИДЕО)

Түркістан облысына арнайы барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қала қалпына келтіріледі, бәрі дұрыс болады. Бұл төтенше жағдай, апат. Қайтеміз, кейбір уақытта солай болады. Үкімет ақша, қаражат береді, көмектеседі, алаңдамаңыздар!. Бәрі жақсы болады. Жөндеу жұмыстарын жасап береміз. Үкімет қанша қаражат керек екенін санайды. Содан кейін қаражат бөлеміз. Бәрін түсініп отырмын, бәрі жақсы болады. Арнайы келіп отырмын», - деді Мемлекет басшысы тұрғындармен кездесуі барысында.
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың Президентке Арыстағы жағдайды баяндап тұрған сәтінен суреттер жариялады.

​​​

​​​
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 маусым 2019 г. 464 0