Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің базасында Ұлттық бірыңғай тестілеу өтіп жатыр. «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК Қорқыт Ата атындағы ҚМУ филиалы басшысы Н.Нақыпбаеваның айтуынша, барлығы 2057 талапкер (1902 қазақ тілінде, 153 орыс тілінде, 2 ағылшын тілінде) қатысады. Оның ішінде колледж бітіргендер – 441 (434 қазақ тілінде, 7 орыс тілінде), мектеп бітірушілер – 1616 (1468 қазақ тілінде, 146 орыс тілінде, 2 ағылшын тілінде).
Дәрісханалар бір ғимарат ішінде 1, 2, 3 және 5 қабаттарда орналасқан. Барлығы кондиционермен жабдықталған. Медициналық көмек көрсету бөлмесі дайындалған. Тестілеуге кіргізерде пайдаланатын 2 дана аркалы металл іздегіштер, арнайы ұялы байланысқа тосқауыл қоятын 15 құрал (глушитель) және 22 бейне бақылау камералары іске қосылған. ҰБТ-ға дайындық мақсатында барлық техникалық құрал-жабдықтар талапқа сай жаңартылды.
Бүгін ҰБТ-ның үшінші күнінде білім сынағына Сырдария ауданы және Қызылорда қаласынан 479 түлек қатысуда.
«СБ» ақпарат.