ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ САҚТАУ - ОРТАҚ ІС

Полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау дерегіне байланысты Ресей Федерация ІІМ-нің өкілдерімен тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі кезде ұлтаралық қақтығыстардың белгілері байқалмайды. Ахуал тұрақты, қоғамдық тәртіп бұзылмаған деп Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Байгелді Байжан Исенбекұлы мәлімдеді.

22.06.2019 жылы сағат 23.20 шамасында ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің кезекші бөліміне РФ ІІМ Байқоңыр кешеніндегі полиция басқармасынан белгісіз жүк автокөлігі тәртіп сақшыларына бағынбай, РФ «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы №9 алаңшасында орналасқан «ГУПЖХ» мемлекеттік мекемесінің қоймасынан шығып, Төретам кентіне қарай бағыт алып қашып кеткендігі туралы хабарлама тіркелді.

Анықталғаны, 23.06.2019 жылы сағат 01:10 шамасында Байқоңыр қаласы Ресей Федерациясына қарасты №9 алаңшадан Төретам кентінің тұрғынына тиесілі «Камаз» маркалы жүк автокөлігі РФ полиция қызметкерлеріне бағынбай, қашып кетіп, Төретам кенті, Рысқұлбеков көшесі №20 үйге келіп тоқтаған.

"РФ полиция қызметкерлерінің автокөлікті тексеру жөніндегі заңды талаптарына бағынбай, айқай-шу шығарып, автокөлік жүргізушісі Төретам кентінің тұрғыны бір топ көршілерін жинап, тәртіп сақшыларына бағынбаушылық жасау кезінде РФ полиция қызметкерлері ескерту ретінде аспанға үш рет табельді қаруынан оқ атқан. РФ ІІМ мәліметтері бойынша «Камаз» маркалы жүк автокөлігімен РФ «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы №9 алаңшасында орналасқан «ГУПЖХ» мемлекеттік мекемесінің қоймасынан ұрлыққа қатысқан. Аталған факті бойынша РФ ІІМ-мен РФ ҚК-нің 158-бабының 2-бөлігімен бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстық іс қозғалған, - дейді Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.

Оқиға орнында қарау жүргізу барысында №9 алаңшасында заттай дәлелдеме ретінде алынған ЗИЛ-131 маркалы кран автокөлігі «Байқоңыр» кешенінің РФ криминалистикалық қызмет орталығының аумағында сақтауға өткізілген.

"Сонымен қатар, Өкілдіктің жедел-тергеу тобымен оқиға орнынан үш гильза, қара металл тиеліп салынған «Камаз» маркалы жүк автокөлігі мен оның қосалқы прицеп құралы дәлелдеме зат ретінде тәркіленіп алынған. Қосалқы прицеп пен Камаз автокөлігі иесіне қайтарылды. Материалдар Ресей Федерациясының прокуратурасына өткізген. Қазақстан азаматтараның әрекеттерінде құқық бұзушылық орын алған жағдайда тиісті құжаттар РФ ІІМ Байқоңыр кешеніндегі Өкілдігіне жолданатын болады.

Егер әлеуметтік желі қолданушылары арасында ұлтаралық алауыздықты тудыру фактілері анықталған жағдайда, қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы ескертеміз", - деп атап өтті Б.Байгелді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 маусым 2019 г. 378 0