Облыстың бас педагогы қазалылық түлектерге сәттілік тіледі

Бүгін Қазалы ауданы бойынша 34 орта мектептен бітіруші 454 түлек өз білімдерін сарапқа салуда.
Ұлттық бірыңғай тестілеу өтіп жатқан Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей базасындағы 14 аудитория талапқа сай жасақталған. Балалардың жай-күйін бақылау үшін арнайы бейнеқондырғылар орнатылған.
Ұлттық бірыңғай тестілеу басталмас бұрын аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов пен облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова түлектерге білім бәсекесінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге тілектестіктерін білдіріп, сәттілік тіледі.
Айта кетейік, ауданымыздағы №226, 102, 104 мектептер ұлттық бірыңғай тестілеуге оқушыларын 100 пайыз қатыстырып отыр.  
Қазіргі таңда мектептегі мемлекеттік емтихан қорытындысымен 17 мектептен 41 оқушы «Алтын белгі» белгісінің иегері, 10 мектептен 17 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 маусым 2019 г. 477 0