Бүгін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті.
Байқауға қатысушылардың жұмысын облыстық «Сыр бойы» газетінің бас редакторы Қуат Әбішұлы басқарған қазылар алқасы бағалап қорытындылады.
Байқау қорытындысы бойынша «Үздік мақала» номинациясы - облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Ержан Қожасовтың «Ол суына бұл суын, Құдайымның қосуын» мақаласына, «Үздік телебағдарлама» номинациясы - облыстық «QYZYLORDA» телеарнасының журналисі, тележүргізуші Толқын Қабылшаның «Мәртебелі тіл» хабарына, «Үздік сайт мақаласы» - номинациясы қазақ тілді сайт бойынша «Kyzylorda-news.kz» ақпараттық агенттігінің тілшілері Динара Махановның «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі», «Жапон студенті диплом жұмысын жазу үшін Қызылордаға келетінін айтты» және орыс тілді сайт бойынша Жәнібек Исаевтың «CROCODYIUS+КРОКОДИЛ = ҚОЛТЫРАУЫН» мақаласына берілді.
Байқау жеңімпаздарына арнайы диплом мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар, жеңімпаздардың материалдары республикалық кезеңге жолдама алды.