«ПҚҚР» АҚ: Ең бастысы – балалардың күлкісі

«ПҚҚР» АҚ: Ең бастысы – балалардың күлкісіҚазалы ауданындағы «Шапағат» мүгедек балаларды оңалту орталығында дәстүрлі күзгі спартакиада болып өтті. Балалар мекемесінің тәрбиеленушілері арасындағы бұл спорттық көпшілік іс-шара жыл сайын «ПетроҚазақстан Құмкөл Рисорсиз» АҚ-ның демеушілік қолдауының арқасында өтіп келеді.
Әдетте шапағаттықтар бір-бірімен оңалту орталығының спорт залында жарысатын. Бірақ осы жылы жарысты өткізу тарихында бірінші рет мүгедек балалар Әйтеке би ауылының орталық стадионының жаңа жасанды алаңында марапат үшін сайысқа түсті. Осы мүмкіндікті оларға Қазалы ауданының спорт ғимаратының басшылығы қуана ұсынды. 
Қазіргі уақытта «Шапағат» МБОО-да оңалту курсынан 40 мүгедек балалар өтуде. Кез келген ойын-сауық іс-шаралары олар үшін нағыз мереке болып есептеледі. Әсіресе, арнайы спартакиадаға сыйлықтар алып олардың қайырымдылық көрсетушілері - «ПҚҚР» АҚ-ның өкілдері келгенде.  
- «Шапағатта» балаларға медициналық-психологиялық, әлеуметтік, консультациялық және көмектің басқа да түрлері көрсетіледі, - дейді мекеменің басшысы Шынар Жеңсікбаева. – Белсенді сабақтардың арасында дене шынықтырудың арнайы әдістемесі ерекше орын алады. Шектеулі мүмкіндіктеріне қарамастан балалар жеңуге тырысады. Ең алдымен өзін, өзінің мінезін, өздерінің сырқатын жеңу. Бұл да оңалудың бір тәсілі болып табылады. Өз кезегінде балаларға арналған осындай шағын мерекелер «Шапағаттың» қамқоршылары - «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамынсыз соншалықты көңілді және есте қаларлықтай өтпес еді. Орталықтың тәрбиеленушілерінің және олардың ата-аналарының атынан көрсеткен көмек үшін мұнайшыларға шын алғысымды білдіремін. Науқас балаларға және мекеменің мұқтажы үшін стадионды ақысыз беретін стадионның басшыларына жеке рақметімді айтамын.  
«Біз күштіміз!» атты күзгі спартакиаданың бағдарламасына жарыстың сегіз түрінен тұратын эстафета кірді. Үш команда жарыстың мақтау қағаздарына және жүлделерге сайысты. Қатысушылардың әрқайсысы тәрбиешілердің көмегімен өзінің командасы жүлдегер болу үшін бар күшін салды. Нәтижесінде тұғырдың шыңына «Ынтымақ» командасының балалары көтерілді. Бұдан кейінгі жүлделі орындарды «Бірлік» және «Шымыр» командаларының балалары иеленді. 
Марапаттау рәсімінде жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімнің менеджері Хұсайын Сәрсембаев әр қатысушыны жүлдемен –жылы спорт костюмдерімен марапаттады. Ал командаларға тиісті алған орындарына қарай грамоталар тапсырылды. 
Қуанышты балалар өз сезімдерін жасыра алмай, қоштасарда демеушілерге барлығы бірге қатты дауыстап рақмет айтумен алғыстарын білдірді.  
Айдос ӘБСАТ. 
Қазалы ауданы.  

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ 26 қазан 2013 г. 1 174 0