Көпбалалы отбасы балалары ыстық тамақпен қамтылады, қоғамдық көлікте тегін жүреді

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Қ.Көшербаев аз қамтылған отбасылардың балаларына ыстық тамақ пен қоғамдық көліктерде тегін жол жүрулерін ұйымдастыруды тапсырды.
«Облыстық білім басқармасына қала және аудан әкімдерімен бірлесе отырып, аз қамтылған отбасы балаларын тегін ыстық тамақпен және қалаішілік қоғамдық көліктерде тегін жүруін ұйымдастыруды тапсырамын. Сонымен қатар, мектептегі асханаларды талапқа сәйкестендіру, тамақтану сапасын көтеру бойынша жұмысты жеделдету қажет»,- деп атап өтті облыс әкімі партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 маусым 2019 г. 720 0