ҚР Президентінің Жарлығымен Алматы, Шымкент қалалары мен бірқатар облыс әкімдері тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тағайындалды, деп хабардайды Ақорда.
Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына сәйкес
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар: Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек - Алматы қаласының әкімі;
Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов - Шымкент қаласының әкімі;
Ермек Боранбайұлы Маржықпаев - Ақмола облысының әкімі;
Оңдасын Сейілұлы Оразалин - Ақтөбе облысының әкімі;
Амандық Ғаббасұлы Баталов - Алматы облысының әкімі;
Нұрлан Асқарұлы Ноғаев - Атырау облысының әкімі;
Асқар Исабекұлы Мырзахметов - Жамбыл облысының әкімі;
Ерлан Жақанұлы Қошанов - Қарағанды облысының әкімі;
Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов - Қостанай облысының әкімі;
Қырымбек Елеуұлы Көшербаев - Қызылорда облысының әкімі;
Болат Жұмабекұлы Бақауов - Павлодар облысының әкімі;
Құмар Іргебайұлы Ақсақалов  -  Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;
Өмірзақ Естайұлы Шөкеев  -  Түркістан облысының әкімі;
Даниал Кенжетайұлы Ахметов  -  Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  Қазақстан Республикасының Президенті     Қ.Тоқаев
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 маусым 2019 г. 786 0