Анталия бағыты бойынша рейс ашылды

Қызылорда-Анталия бағытындағы чартерлік рейстің алғашқы ұшағы жолға шықты. Маусымдық рейс тамыз айының 25-іне дейін жалғасады.

– Анталияға әр аптаның жексенбісінде ұшады. «Сұңқар AIR» әуе компаниясының 148 орындық ұшағы қатынайды. Бұл – маусымдық рейс. Маусымның 16-сына басталып, тамыздың 25-іне аяқталады. Ал жолдама құны бір адамға 111 мың теңгеден басталады, – дейді «АкмеТур» туристік агенттігінің туризм менеджері Мәншүк Сәрсенбаева.
Ұшақ Қызылордадан тіке Анталияға 3 сағат 40 минутта жетеді. Естеріңізге сала кетейік, бұл рейс осыдан төрт жыл бұрын да ашылған еді. Әйткенмен, ол уақытта Анталияға Атырау арқылы бағыт алған. Биыл аталған бағыт бойынша әуе кемесі Түркияға тікелей апарады.  

Дәулет ҚЫРДАН,
«Сыр бойы».
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 маусым 2019 г. 610 0