Көшпелі қор көрмесінің жабылу салтанаты өтті

Бүгін Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрме жобасының жабылу салтанаты өтті.
Салтанатты шараға Қызылорда облысының әкімі уақытша міндетін атқарушы Қ.Е.Көшербаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Ә.М.Рахымжанов, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен студент жастар, мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.
Аталмыш көшпелі көрме жобасы аясында «Рухани жаңғыру» орталығында музей саласының мамандарымен «Музей саласындағы ақпараттандыру» атты семинар, «Ашық кеңістік» форматында «Елбасы кітапханасының ақпараттық ресурстары» атты аймақтық кәсіби сессиясы өткізілді. Сондай-ақ, Шиелі, Қармақшы аудандары тұрғындары үшін «Тұңғыш» экскурсиялық тұжырымдамасының аясында «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасының көшпелі экскурсиясы ұйымдастырылды. Ғылыми-білім беру және мәдени-ағарту шаралары негізінде Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейінде қала тұрғындары және студенттер, оқушылармен кездесу өткізіліп, Қызылорда облысының жас суретшілерінің ерекше туындылар топтамасынан көрме өтті.
Көшпелі көрмені екі ай мерзімде 130 мыңнан аса қызылордалық тамашалады. Келушілер арасында шетелдіктер де болды. Көрме Сыр жұртшылығының ықыласына бөленіп, келушілер ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар, келушілер көрменің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, экспозициялардың заманауи интерактивті технологиялармен жабдықталғанын, экскурсия жүргізушілердің материалды әсерлі әрі қызықты баяндағанын атап өтті. Аталмыш көрме өңірдің мәдени өміріне ерекше серпіліс берді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 маусым 2019 г. 641 0