Түркістан тарихи-мәдени орталығы Сыр елінде көрме өткізді

Мәдени-тарихи орындар арасындағы серіктестік байланыстар аясында Түркістан тарихи-мәдени этнографиялық орталығы Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі филиалы - Көркемсурет галереясында 2019 жылғы мамыр айында «Көне кітап - рухани жаңғырудың жарқын жолы» жобасы аясында «Киелі өлкенің көне мұралары» атты көшпелі көрме ұйымдастырды.
Көрмеге тарихи-мәдени этнографиялық орталығы қорынан 40 дана құнды көне кітап пен қолжазба қойылды. Көрме Түркістан жеріне алғаш ислам дінін әкелуші, Түркістан аумағында алғашқы ислам мемлекетінің негізін салушылар ретінде Исқақ баб, Абд ал-Жалил бабтардың дінді таратуы жайлы насабнамалар, Ахмет Ясауидің шежіресі жазылған насабнамасы мен мөрі, Диуани хикмет, қолжазбалар, дұға кітаптар, пайғамбарлар өмірі жазылған көне кітаптар, фиқһ мәселелері жайлы кітаптар т.б сынды жәдігерлерден жасақталған. Киелі өңірден келген көшпелі көрмеге қойылған діни кітаптар мен сирек кездесетін қолжазбалар оқушыларға Ислам әлемі туралы ақпарат берді.
Көрмені Түркістан қаласының тарихи-мәдени-этнографиялық орталығының директоры Гүлжанат Дюсенбаева ашып, көрменің мақсатымен таныстырса, Қызылорда облыстық музей директоры Бахыткүл Бекмамбет өз тарапынан құттықтап, екі облыс арасындағы тарихи-мәдени байланыстардың нығая түсуіне тілек білдіріп, ризашылығын білдірді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 маусым 2019 г. 665 0