« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Мәскеудегі Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі жанындағы учаскеде сайлаушылардың белсенділігі жоғары болды. Елшіліктің фейсбуктегі парақшасындағы мәліметтерге қарағанда, мұнда жалпы 1477 адам дауыс берген. Ресей Федерациясының аумағында жүрген еліміздің азаматтары Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жанында Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Астрахан және Омбы қалаларында құрылған бес сайлау учаскесінде өздерінің құқығын пайдаланды.
Мәскеудегі жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қызылордалық студенттер де ел болашағымен байланысты жауапты науқаннан тыс қалмады. «Мәскеу болат және қорытпалар институты» Ұлттық зерттеу технологиялық университетінің студенті Алтынай Әбдіжәмиева сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
– Дауыс беру – еліміздің әр азаматының борышы. Елден жырақта жүрсек те, өз таңдауымды жасағаныма қуаныштымын, – деді ол.
Бүгінде Ресей астанасы мен Санкт-Петербург қалаларында жүздеген қызылордалық студенттер білім алуда. 2014 жылдан бері Ресейдің жетекші инженерлік ЖОО-ға РФ үкіметінің гранты есебінен 500-ге жуық сырбойылық түлек оқуға қабылданды. Былтыр олардың алғашқы легі оқуын аяқтап, елге оралды. Жақында инженер-мамандардың екінші легі қолдарына диплом алмақ.
«СБ» ақпарат.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |