Бүгінгі атаулы күні Қызылордадағы ана мен бала орталығында егіздер дүниеге келді, деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
- Орталықта таңертеңнен бері 5 ұл, 5 қыз дүние есігін ашқан. Олардың ішінде егіз бар. Аналары да, сәбилер де өздерін жақсы сезінуде. Кешке дейін туылатын бала саны артуым мүмкін, - делінген хабарламада .