Қызылорда облысында дауыс беру басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облысында 366 сайлау учаскесінің 341-і сайлаушылардың негізгі тіркелген жері бойынша, 25 сайлау учаскесі әскери бөлімдерде, емдеу орындарында және басқа да мекемелерде құрылған. Облыстағы барлық сайлау учаскесі қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Бұл өңірде мүмкіндігі шектеулі 19 034 азаматтың дауыс беру құқығы бар. Олардың құқығын қамтамасыз ету шаралары қарастырылған. 50 сурдоаудармашы көмек көрсететін болады.