Кәсіпті қолдау көркейтеді

 Жыл өткен сайын мемлекеттік қолдау аясында өз кәсібін өркендетуге мүмкіндік алған қарапайым жандар қатары артып келеді. Қолдауға ие болған  жандардың бірі – жалағаштық кәсіпкер Гауһар Дәрібаева.
Кейіпкеріміз көпбалалы аналар қа­та­рында. Отбасында 9 бала тәрбиелеп отыр. Асхана кәсібіне отбасы мүшелерімен ақыл­дасып барып келген. Әрине, кәсіп ашу үшін алдымен білім керек. Мұны терең түйсінген Г.Дәрібаева алдымен арнайы оқу курсынан өтіп, «аспаз» мамандығын алды. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша қаржылай грантқа қол жеткізгенде қуанғанын көрсеңіз. Осылайша, көптен ойлаған мақсатына же­тіп, Жалағаш кенті орталығынан асхана ашты.
– Өткен жылы аудан әкімдігінің жұ­мыс­пен қамту орталығы арқылы құжат дайындап, кәсіпкерлікті дамытуға бағыт­талған қайтарымсыз қаржыға қол жеткіздім. Қажетті құрал-жабдықтар са­тып алып, алдымен сұранысқа сай нан өнім­дерін дайындай бастадым. Тынымсыз еңбек ар­қылы тұтынушы талғамынан шықтық деп ой­лаймын. Енді бұл кәсібімді одан әрі дамытқым келеді, – дейді ол.
Аспаздың айтуынша, донер, хот-дог, пицца, гамбургер секілді жедел әзірленетін тамақ өнімдеріне сұраныс артуда. Өз жоспарын сәтімен жүзеге асыруды көздеп отырған кейіпкеріміз алдағы уақытта да тұтынушы талғамына сай жұмыс жасай­тынына сенімді.

«СБ» ақпарат.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 маусым 2019 г. 563 0