Көбелек неге көбейді?

 Соңғы күндері Қызылордада көбелектің көбейгенін байқадыңыз ба? Бұл жәндіктің жаппай жарыққа шығуы биыл Орталық Азия елдерінің барлығында байқалған. Ғалымдардың айтуынша, әсіресе, репейница және чертополоховка көбелектері кең тараған. Өйткені биыл ауа райы ылғалды, жауынды-шашынды болды. Арамшөп қалың өскендіктен одан нәр алатын көбелектер көбейіп отыр. Мамандар бұл көбелектер аллергиямен ауыратындарға  әсер етуі мүмкін дейді.  

Ал еліміздің кей аймағында көбелектің «Бархатница чуткая» деп аталатын түрі кең жайылған. Сәндік өсімдіктер мен акацияның нәрімен қоректенетін  жәндіктің адам денсаулығына, өсімдікке еш зияны жоқ. Қайта өскіндердің алмасып тозаңдануына оң ықпал етеді. 

     "СБ" ақпарат,
Суреттерді түсірген: Н.НҰРЖАУБАЙ.


 
  
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 мамыр 2019 г. 1 223 0