"Оқжетпес" - "Қайсар": 1-2

 Премьер-лиганың 11 тур аясында қасқырлар "Оқжетпеске" қонаққа барды. Төреші Рахымбаевтың нұсқауынан кейін басталған матчта қонақтар бірден шабуылға ден қойып, алаңда бірінші нөмірмен өнер көрсетті. 
Кездесудің 10 минутында Тигран Барсегян әдеттегідей жойқын соққысымен көзге түсіп, есепті ашты. Тигранның соққысына төтеп бере алмаған қақпашы Бабаханов ауыр жарақат алып, ауруханадан бір-ақ шықты. Бұл сәттен кейін, алаң иелері ес жиып, қонақтардың айып алаңына ойқастай бастады. Қорғанысқа жастана жатып алған қасқырлар 37 минутта қақпаларына гол енгізіп алды. Арғымақтардың бразилиялық легионері Данило Алвес әуедегі допқа бірінші жетіп, есепті теңестіріп кетті. Кездесудің екінші бөлігінде Стойчо бапкер алаңға тыңнан ойыншылар қосып, шәкірттерінің шабуылдарын ширата түсті. Жарақатынан енді айыққан Джон Джошуа аздаған үзілістен кейін, алаңға шығып 74 минутта командасын алға шығарды. Ойын соңында "Қайсар" бірнеше гол соғатын сәттері болғанымен көп жерде сәттілік болмады. Қорытынды есеп 1-2!

"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 мамыр 2019 г. 501 0